Жансұлтан Демейұлы ДемеевҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1956), ауыл шаруашылығы озаты, тыңгер механизатор, ұстаз-тәлімгер. 20 тамызда 1928 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Борисово-Романка селосында туған. ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1975).

Еңбек жолдары Еңбек жолын 1942 жылы бастаған. 1952 жылы КОКП қатырына кірді. 1945-1955 жылдары Қостанай ауданы, Александровский МТС-інде комбайншы болды. 1955-1981 жылдары тың жерде ұйымдастырылған Павлов атындағы совхозда комбайншы болды. 1956 жылы тұңғыш рет 4 агрегатта жұмыс істеп, 21 мың ц астық бастырды. Оның бастамасы республика механизаторлары арасында кең тарап, қолдау тапты. Жастарға ұстаз-тәлімгер болып өз тәжірибесін үйретті, жүздеген механизатор даярлады. Кейінгі жылдары әулетімен егін жинауға қатысып, еңбек үлгісін танытты. 5-сайлауда КСРО Жоғары Советінің депутаты болды.

Еңбек жолдары Ленин ордені Социалистік Еңбек Ері (1956) ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1975) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері