Coursera — Стэнфорд Университетінде кіріске-негізделген технологиялық білім-беру компаниясы.

Курстар Coursera веб-сайты тегін онлайн курстарымен қамтамасыз етеді. Coursera-дан информатика ғылымдары; денсаулық сақтау, медицина және биология; қоғам, жүйе және ақпарат; әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар; математика және санақ ғылымдары; экономика, қаржы және бизнес салаларындағы куртстарды табуға болады. Әр курс апталық жүйеде әртүрлі тақырыптарға қатысты қысқа видео-лекциялар мен тапсырмалардан тұрады. Көбінесе гуманитарлық және қоғамтану ғылымдарына арналған курстарда және көптеген объективті стандарттарды қолдану мүмкін болмайтын тапсырмаларда, эксперттік бағалау жүйесі қолданылады.

2012-жылдың күзінде 100-ден артық онлайн курстар ұсынылған. Университеттің швецариялық серіктестері, EPFL, француз тілінің курстарын ұсынған болатын. 2012 жылдың қарашасында Coursera Білім беру американ кеңесімен (ACE) Coursera курстарына арналған кредиттік эквиваленттіліктігін бағалау жайында жұмыс істейтіні туралы жарияланған.

Курс аты Инструктор Күні Natural Language Processing Dan Jurafsky, Christopher Manning наурыз 2012 Design and Analysis of Algorithms I Tim Roughgarden наурыз 2012 Model Thinking Scott E. Page наурыз 2012 Probabilistic Graphical Models Daphne Koller наурыз 2012 Cryptography Dan Boneh наурыз 2012 Software as a Service Armando Fox, David Patterson наурыз 2012 Automata Jeff Ullman сәуір 2012 Compilers Alex Aiken сәуір 2012 Computer Vision: The Fundamentals Jitendra Malik сәуір 2012 CS 101 Nick Parlante сәуір 2012 Introduction to Logic Michael Genesereth сәуір 2012 Machine Learning Andrew Ng сәуір 2012 Introduction to Sociology Mitchell Duneier маусым 2012 Introduction to Finance Gautam Kaul шілде 2012 Current course catalog

Серіктестер Coursera Стэнфорд университеті және өзге америкалық универсиеттердің серіктестігі ретінде пайда болды. 2012 жылдың шілдесінде 12 университет серіктес атанды , осы жылы қыркүйекте тағы 17 университет қосылып серіктестер саны 33-ке жетті.

Coursera университеттермен серіктестікте магистратура курстарын да ұсынады. Мысалы, HEC Paris платформасы инновациялар мен кәсіпкерлік саласындағы атқарушы магистрдің серіктесі болып табыладыMSc in Innovation and Entrepreneurship. 100% онлайн, бұл бағдарлама 18 айда осы екі салада маманданған топ-менеджерлерді дайындауға бағытталғанExclusif. HEC se lance dans un diplôme… 100 % en ligne. Ол 2017 жылдың наурыз айында ашылдыHEC lance un programme diplômant 100 % en ligne

Қатынасатын университеттер Қазіргі таңда әртүрлі 33 университет Coursera арқылы онлайн курс өткізуде.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер coursera.org Coursera blog The University of Michigan's Contract With Coursera "Daphne Koller: What we're learning from online education", TED Talks, маусым 2012 "MOOC pedagogy: the challenges of developing for Coursera"

Санат:Интернетте білім алу Санат:Онлайн білім беру