Дәурен Әскербекұлы Абаев (18 сәуір 1979 жыл, Алматы облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2023 жылғы 3 шілдеден бері Қазақстанның Ресейдегі елшісі. Бұрын Мәдениет және спорт министрі (2022–2023), Ақпарат және қоғамдық даму министрі (2019–2020), Ақпарат және коммуникациялар министрі (2016–2019), Президент Баспасөз хатшысы (2011–2016) сияқты лауазымдардың иесі болған.
Өмірбаяны Шапырашты руынан шыққан.Новая Газета Казахстан - КЛАН — КЛАНЫ ВЫБИВАЕТНовая Газета Казахстан - Пройти по черте 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. Лейден университетін бітірген (2006).
2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.
2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстанның Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.
2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында - Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.
2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Президент Протоколының бас сарапшысы, консультанты.
2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында - Президент Баспасөз хатшысының орынбасары.
2009 жылдың қазанынан - Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылғы шілдеден бастап Президент кеңесшісі қызметін қоса атқарды.Абаев Даурен Аскербекович
2016 жылғы 6 мамырдан бастап — Ақпарат және коммуникациялар министрі.Вновь созданное министерство информации и коммуникаций возглавил Даурен Абаев
2019 жылдың 25 ақпанында Президент Жарлығымен Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.
2020 жылдың 4 мамырынан – Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
2022 жылдың 11 қаңтарынан 2023 жылғы 4 қаңтарға дейін — Мәдениет және спорт министрі.
2023 жылғы 7 наурыздан 3 шілдеге дейін — ТМД Бас хатшысының орынбасары.
2023 жылғы 3 шілдеден — Қазақстанның Ресейдегі елшісі.
Отбасы Үйленген, екі бала тәрбиелеуде.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мәдениет министрлері Санат:Қазақстанның Ресейдегі елшілері Санат:Қазақстан ақпарат министрлері Санат:Қазақстан президентінің баспасөз хатшылары