Текес ауданы (, , ) — Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Іле Қазақ автономиялық облысының Іле аймағына қарасты әкімшілік-аумақтық құрылым.

Тарихы 1884 жылы Цинь үкіметі Шыңжаң провинциясын құрды және 1888 жылы осы аумақ Құлжа ауданының немесе Нинъюань ауданының құрамына кірді . 1932 жылы Нинюань ауданынан Тоғызтарау ауданы (Гунлю) бөлінді. 1937 жылы Гунлю ауданынан Текес ауданы бөлінді. 1942 жылы Текес ауданынан Моңғолкүре бөлінді.

Географиялық орналасуы Аудан солтүстігінде Тоғызтарау ауданымен, шығысында — Байнгол-Моңғол автономиялық аймағымен, батысында — Моңғолкүре ауданымен, оңтүстігінде — Ақсу аймағымен шекараласады.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Текес ауданы 1 кентке, 5 болысқа және 2 ұлттық болысқа бөлінеді.

Дереккөздер

Санат:Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданының аутономды уездері