Рона (, ) — Францияның оңтүстік-шығысында орналасқан департамент, Рона-Альпі аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 69. Әкімшілік орталығы — Лион. Халық саны 1,579 млн адам (департаменттер арасында 4-ші орын, 1999 ж.).

География Жер аумағы 3249 км². Департамент арқылы Рона, Сона өзендері ағып өтеді.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Департамент 2 округ, 54 кантон және 293 коммунаны қосады.

Тарихы Рона 1793 жылы «Рона және Луара» департаментін екіге бөлген кезде құрылған болатын.

Тағы қараңыз Рона департаментінің коммуналары

*