Морбиан (, ) — Францияның батысындағы департамент, Бретань аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 56. Әкімшілік орталығы — Ванн. Халық саны 643,9 мың адам (департаменттер арасында 32-ші орын, 1999 ж.).
География Жер аумағы 6823 км². Департамент айналасынБискай шығанағы, Киберон айлағы және Морбиан сулары шайып жатыр.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Департамент 3 округ, 42 кантон және 261 коммунаны қосады. Тарихы Морбиан — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Бретань провинциясының аймағында пайда болған. Атауы Морбиан шығанағынан (мағынасы «кіші теңіз») шыққан.
Морбианда Францияның қызықты мегалиттері бар — Гаврини және Диссиньяк.
Сілтемелер Prefecture website (in French) Conseil Général website (in French) http://www.morbihan.com/
Тағы қараңыз Морбиан департаментінің коммуналары
*