Қуанғали Жұмәліұлы Ихаров (12.10.1923 жылы туған, Ресей, Астрахан қаласы - 1999 жыл - Алматы қаласы) – қазақ халқынан шыққан тұңғыш сүңгуір кеме капитаны, КСРО Әскери-теңіз флотының 1-дәрежелі капитаны болған.
Баку қаласындағы теңізшілер техникумын (1941), Ленинградтағы Жоғары әскери-теңіз училищесін (1946), Владивостоктағы командирлер курсын (1949) тамамдаған. Ұлы Отан соғысына теңіз жаяу әскерлері сапында 1941 жылдың қыркүйегінде Севастополь түбінде араласты. Новороссийск, Тамань, Керчь, Туапсе Армавир, Темрюк қалалары маңайындағы ұрыстарға қатысқан. Заполярьені азат етуге қатысты. Соғысты Берлинде аяқтап, 1945 жылы 24 маусымда Қызыл Алаңда өткен Жеңіс шеруіне қатынасты.
Соғыстан кейінгі жылдары Тынық мұхитта “Щука” сүңгуір қайығында, алысқа жүзетін “АТ-312” танкерінде капитан болды. Астрахан теңізшілер училищесінде, Калининград Әскери-теңіз училищесінде, Атырау теңізшілер мектебінде дәріс берді.
Майдандағы ерлігі мен бейбіт өмірдегі жетістіктері үшін Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз, “Даңқ” ордендерімен, 18 медальмен марапатталған. 1984 жылдан құрметті демалыста.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер
Санат:12 қазанда туғандар Санат:1923 жылы туғандар Санат:Астраханда туғандар Санат:Қазақстан капитандары Санат:КСРО капитандары Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Атырау облысы тұлғалары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Александр Невский орденінің (КСРО) иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Даңқ орденінің иегерлері