Сэр Артур Чарльз Кларк (16 желтоқсан 1917, Майнхед, Сомерсет, Ұлыбритания – 19 наурыз 2008, Коломбо, Шри-Ланка) — рыцарлық атаққа ие, ағылшын өнертапқышы және ғылыми фантастика жазушысы. нобай|Сэр Артур Чарльз Кларк (1982) Ол «2001: Ғарыш одиссеясы» ғылыми фантастикалық романымен және режиссер Стэнли Кубрикпен бірге жасаған аттас фильмімен атақты. Кларк, Роберт Хайнлайн және Айзек Азимовпен бірге ғылыми фантастика саласында «Үш ұлы жазушы» деп аталды.
Әкесінен ерте айырылған Артур Кларк жоғары білімін аяқтамай, өмір сүру үшін өз бетімен жұмыс істеуге мәжбүр болды. Жасөспірім кезінен фантастика жанрына әуес болып, 1936 жылдан бері Британдық планетааралық қоғамның (British Interplanetary Society, BIS) мүшесі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол британдық әуе күштерінде қызмет етті, ұшақтарға арналған радар мен автоматты қону жүйелерін жасаумен айналысты . Соғыстан кейін Британдық планетааралық қоғамының басшысы болып сайланды (1946–1947 және 1950–1953 жылдары). 1945 жылы ол «Жерден тыс реле» мақаласын жариялады, онда ол кейіннен сәтті жүзеге асырылған геостационарлық релелік спутниктердің идеясын ұсынды.
Өмірбаяны Кларк Англияның Сомерсет графтығындағы Майнхед қалашығында дүниеге келген. Бала кезінен Кларк аспан әлемін бақылады, ескі америкалық ғылыми фантастика журналдарын оқып үлкен әсер алды. Лицейді бітірген соң университетке түсуге қаражаты болмағандықтан, ол Лондонға көшті, Мемлекеттік қызмет емтиханын тапсырып, Білім беру басқармасында аудитор болып жұмыс істей бастады.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Корольдік әскери әуе күштері құрылымында радар технигі болып қызмет атқарды. Британия шайқасы кезінде Корольдық әскери әуе күштері дамытқан "ерте радар дабыл жүйесі" бағдарламасында қызмет етіп, соғыстың бітісімен әскерден лейтенант атағымен қызметін доғарды. Соғыстың соңында түскен "King's College" оқу орнының математика және физика бөлімін үздік бітірді. Соғыстан кейінгі жылдарда Кларк Британдық планетааралық қоғамында мүше болып, бірнеше жыл бойы осы ұйымда жетекшілік етті . Ғаламшарды қоршап тұрған телекоммуникация серігі торының ұйымдастырылуы үшін керекті геостационарлық серік құру ойын ұсынды.
Балалық шағында шалдыққан ауру себебінен шамамен 30 жыл бойы мүгедек орындығын қолданған Кларк 50 жыл Шри-Ланкада өмір сүрді, қайтыс болуына 4 күн қалғанда ауруханаға жатқызылды, бірақ 19 наурыз 2008 жылы тыныс алу жеткіліксіздігі себебінен көз жұмды.Medyatava — "Bilim kurgu yazarı Clarke öldü"
Ғылыми фантаст жазушы
Басталуы Артур Кларктың бірнеше әңгімелері 1937-1945 жылдар аралығында фанаттық журналдарда жарияланғанымен, оның алғашқы кәсіби сатылымы 1946 жылы Astounding Science Fiction журналында жарық көрді: "Loophole" сәуір айында, ал алғашқы сатылған шығармасы "Rescue Party" мамырда жарияланды. 1949 жылы Кларк Science Abstracts-тің көмекші редакторы болып жұмыс істеді, бірақ 1951 жылдан бастап өзін толықтай жазушылыққа арнады.
Кларк өзінің ғылыми-фантастикалық бағыттағы жазушы ретіндегі беделін 1948 жылы новелла ретінде жарық көрген Against the Fall of Night атты алғашқы ғылыми-фантастикалық романы арқылы нығайта бастады. Бұл роман өте танымал болды және өзіндегі идеялардың жаңашылдығы үшін маңызды еңбек болып саналды. Кларк бұл новелланы кеңейтіп, 1953 жылы толық роман ретінде қайта жариялады. Кейінірек, 1956 жылы, ол бұл шығарманы тағы да өңдеп, кеңейтіп, оны The City and the Stars деп атады. Бұл еңбек тез арада ғылыми фантастика саласындағы оқуға міндетті шығармалардың бірі болып танылды. Оның үшінші ғылыми-фантастикалық романы Childhood's End 1953 жылы жарияланып, Кларктың танымалдығын одан әрі нығайтты. Кларк жазушылық мансабының алғашқы кезеңін 1961 жылы жарық көрген алтыншы романы A Fall of Moondust-пен аяқтады, ол да кезеңнің танылған классикасына айналды.
Осы уақытта Кларк 1940-1950 жылдары К. С. Льюиспен хат жазысып, Оксфордтағы Eastgate пабында кездесу өткізді. Олар ғылыми фантастика және ғарыштық саяхат тақырыптарын талқылады. Льюистің қайтыс болуынан кейін, Кларк оның The Ransom Trilogy туындыларын ғылыми фантастика саласында әдебиет деп санауға лайық бірегей шығармалардың бірі деп жоғары бағалады."С. С. Льюис пен Артур К. Кларк". Шон Смолл Оқиғалары. Архивтелген: 2013 жылғы 21 қыркүйекте. Қайтарылған: 2013 жылғы 1 қыркүйекте.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Артур Ч. Кларк қоры Артур Ч. Кларк жүлделері Сэр Артур Кларк жүлделері
Санат:16 желтоқсанда туғандар Санат:1917 жылы туғандар Санат:2008 жылы қайтыс болғандар Санат:Англия жазушылары Санат:Майнхеде туғандар Санат:19 наурызда қайтыс болғандар Санат:Коломбода қайтыс болғандар Санат:Артур Кларк Санат:Ұлыбритания фантаст-жазушылары Санат:Ұлыбритания ғалымдары Санат:Хьюго сыйлығының иегерлері Санат:Небьюла сыйлығының иегерлері Санат:Странник сыйлығының иегерлері Санат:Британ империясы орденінің командорлары Санат:XX ғасыр жазушылары Санат:XXI ғасыр жазушылары Санат:Ұлыбритания өнертапқыштары Санат:Футурологтар Санат:Ғылымды бұқараландырушылар Санат:Калинги сыйлығының лауреаттары Санат:Маркони сыйлығының иегерлері Санат:Джон В. Кэмпбелл мемориалдық сыйлығының иегерлері