Қылышбай Омаров (1907 ж.туған, Отырар ауданы) – Социалистік Еңбек Ері (23.7.1948). Қоңырат тайпасы Көтенші руының Маңғытай бөлімінен.

1929 – 41 ж. Шәуілдір ауданының Талапты ұжымшарында шопан, 1941 – 44 ж. Қызыл Армия қатарында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1944 – 57 ж. Талапты ұжымшарында, 1957 – 66 ж. Арыс және Талапты кеңшарында аға шопан болып істеді.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1907 жылы туғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Отырар ауданында туғандар Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары Санат:Шопандар