Александр Сергеевич Кривошейн (26 мамыр, 1925 жылы туған, Ресей, Воронеж) – театр суретшісі.
Өмірбаяны 1958 ж. Санкт-Петербург көркемсурет академиясын бітірді. 1958 – 69 жылдары Горький (қазіргі Нижний Новгород қаласы), Куйбышев (қазіргі Самара қаласы), Саратов, Волгоград және Краснодар театрларында суретші қызметін атқарды. 1970 – 76 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының бас суретшісі болып, бірқатар спектакльдерді жасаулады.
Сахналаған спектакльдері Қ.Аманжоловтың “Досымның үйленуі” (1970) Б.Майлин мен Ж.Шаниннің 'Неке қияр Торсықбай (1971) Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында'” (1972) Ә.Таразидің Жолы болғыш жігіт(1973) О.Бөкеевтің 'Құлыным менің Ә.Әбішевтің 'Мансап пен ұждан(екеуі де 1974) Ғ.Мүсіреповтің Қозы Көрпеш - Баян Сұлу (1971) Ә.Нүрпейісовтің 'Қан мен тер(1973; КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1974) спектакльдері бар. Сахналық безендіру ісінде көркемдік тәсілдерді таңдаудағы талғампаздық пен жинақылық суретші шығармашылығының ерекшелігі болып табылады. Сондай-ақ: Л.Г. Зориннің “Варшава сазы” Д.Файзидің “Башмағым” (екеуі де 1971) О.Ш. Иоселианидің “Арбаң аман болсын” (1972) В.Губаревтің “Ұлы сиқыршы” (1974) А.Н. Островскийдің “Жазықсыз айыптылар” (1973) Г.Лорканың “Қасіретті қатындар''” (1974) спектакльдерін де көркемдеді.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Марапаттары КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1974
Дереккөздер
Санат:26 мамырда туғандар Санат:1925 жылы туғандар Санат:Воронежде туғандар Санат:Қазақстан театр суретшілері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Тарас Шевченко атындағы Украина Ұлттық сыйлығының иегерлері Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тұлғалары Санат:Репин атындағы институт түлектері