Тұрақсыздық айыбы - өз міндеттемесін орындамаған жағдайда борышқордың несиегерге төлейтін ақша сомасы.

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсіліне жатады. Борышқорға тұрақсыздықтың айыбын төлеу талабын қою үшін несиегерге шарттың бұзылғанын дәлелдеу жетіп жатыр, шығынның болғаны-болмағаны маңызды емес. Шартта тұрақсыздықтың айыбын төлеудің әр түрлі жолдары қарастырылуы мүмкін: тек қана тұрақсыздақтың айыбын төлету; тұрақсыздақтың айыбымен қатар шығынды толық мөлшерде өтету; несиегердің қалауы бойынша не тұрақсыздақтың айыбының немесе шығынның мөлшерін төлеу.

Тұрақсыздақтың айыбы туралы шарт жазбаша түрде жасалмаса жарамсыз болып табылады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Айыппұлдар