Мысыққұйрық () – астық тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік.
Өсетін жері, түрлері Қазақстанның сортаңды-шөлді жерлерінде, өзен, көл және жылғалардың жағалауында өсетін 3 түрі: Жасық мысыққұйрық (Polypogon demіssus), Теңіз мысыққұйрық (Polypogon marіtіmus) және Монпель мысыққұйрық (Polypogon monspelіensіs) бар.
Ботаникалық сипаты thumb|left|150px| Биіктігі 3-40, кейде 60 см-ге жетеді. Бұтақталған сабағы болады. Жапырағы қандауыр пішінді. Гүлі қос жынысты, олар масақ гүлшоғырына топтанған. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Мысыққұйрықты ерте көктемде мал жақсы жейді. Қазақ энциклопедиясы , 6 том
Дереккөздер
Санат:Астық тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы