Балқұдық — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл, Азғыр ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 260 км жерде боз, бетеге, селеу өскен шөлейтті белде орналасқан.Құрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7 Бұрынғы кеңшар негізінде “Балқұдық” акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Тұрғындары аудан орталығымен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады."Қазақ Энциклопедиясы"

Халқы 1989 жылы елді мекенде 1997 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 2094 адам (1027 ер адам және 1067 әйел адам) болса, 2009 жылы 1899 адамды (920 ер адам және 979 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1371 адамды (717 ер адам және 654 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Әлеуметтік және мәдени нысандары Балқұдық орта мектебі — 1928 жылы ашылған. 1957 жылы 7 жылдық, 1958 жылы 8 жылдық, 1965 жылы орта мектеп болды. "Бүлдіршін" бөбекжай - балабақшасы Балқұдық ауылдық клубы

Діни ұйымдар Балқұдық ауылдық мешіті

Ауыл көшелері Абай көшесі Абылай хан көшесі Алма Оразбаева көшесі Нығмет Әбдірахманов көшесі Бауыржан Момышұлы көшесі Бейбітшілік көшесі Бірлік көшесі Жамбыл Жабаев көшесі Жеңіс көшесі Исатай Тайманов көшесі Махамбет Өтемісұлы көшесі Мәншүк Мәметова көшесі Мұхтар Әуезов көшесі Сәкен Сейфуллин көшесі Төле би көшесі

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері