Шұңқыркөл – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы, Тихоокеан ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Тайынша қаласынан шығысқа қарай 72 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 787 адам (366 ер адам және 421 әйел адам) болса, 2009 жылы 403 адамды (188 ер адам және 215 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы 1929-1976 жылдары “Севастопольский” кеңшарының, 1976-1996 жылдары бұрыңғы Көкшетау облысы ет өндіру бағытындағы Чкалов ауданының мамандандырылған шаруашылық бірлестігінің орталығы болды. Бірлестік негізінде “Шұңқыркөл” АҚ мен шаруа қожалықтары құрылды.

Дереккөздер

Санат:Тайынша ауданы елді мекендері