Цикл ( — дөңгелек)Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2 термодинамикадағы цикл — дөңгелек процесті кейде осылай атайдыОрысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0; техникадағы цикл — периодты түрде қайталанып отыратын құбылыстар жүйесіндегі процестердің жиынтығы; затты белгіленген бір ретпен әсер етіп өзгерткенде алғашкы жағдайына қайта оралып мезгіл- мезгілімен қайталанып тұратын үрдістің жиынтығы.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0

Мысалы, қозғалтқыш циклі — (піспекті не басқа түрінде) периодты түрде қайталанып отыратын процестердің реті. График түрінде қозғалтқыш Циклі (идеал күйдегі) тұйық фигура болады (қ. Жылу циклдері, Карно циклі). Ал кернеу Циклі бұйымға не үлгіге (төзімділігін сынау кезінде) белгіленген режимде жүктемемен әсер еткенде толық бір период ішіндегі болатын кернеу өзгерісінің жиынтығы.

Циклдер

Кернеулер циклі. Кернеулердің бір реттегі өзгеруі, бір периоды айнымалы кернеулер мөндерінің жиынтығы.

Кернеулердің асимметриялық циклі деп асимметриялық коэффициенті r = +1 болатын циклді атайды.

Кернеулердің пульстік циклі деп бір кернеуі нөлге тең және r = 0 болатын циклді атайды.

Кернеулердің симметриялық циклі. Ең жоғары және ең аз кернеулер мәні бойынша тең, бағыты бойынша қарама-қарсы: σmax = -σmin және r = -1 болатын цикл.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Құбылыстар