Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті — Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 ж. Алматы энергетика институтының (1975) негізінде құрылған. 2010 жылдың 1 маусымынан бастап университет статусын иемденді.Орта Азия энергетика мен телекоммуникация мамандарын даярлайтын бірден-бір маманданған жоғары оқу орны болып табылады. Университеттің күндізгі және сырттай оқытатын бөлімдерінде 22 мамандық бойынша 3000-нан астам студент оқиды (1997). Сонымен қатар ЖОО студенттері мен қызметкерлеріне арналған 3 жатақхана бар. Өскемен филиалы, 3 мектеп-лицей және Қазақстанның 8 аймағындағы 32 салалық мамандыққа бейімдейтін сынып осы институт құрамына енеді.
Дәріс оқитын профессорлар мен оқытушылардың 60%-інің ғылым докторы немесе ғылым кандидаты атағы бар (1997). Институт ең жаңа оқу жабдықтарымен жарақтандырылған. 1977 — 97 жылдар аралығында институтта 1400-ден астам инженерлер, ғылыми қызметкер, өндіріс ұйымдастырушылары мен басшылары даярланды.
Тарихы 1960 жылы Қазақстанда Қазақ Политехникалық институтында (қазіргі Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ) инженер-энергетиктерді дайындау басталды. Ол 1966 ж. инженер-электриктердің және инженер-жылу энергетиктердің бірінші түлектерін шығарды. 1975 ж. Қазақстан КП ОК және КСР Министрлер Кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақ Политехникалық инситутының энергетикалық факультеті базасында Алматы энергетика институтын құру туралы КСРО Министрлер Кеңесі мен СОКП ОК шешімі қабылданды. Бұл мамандықтардың кең саласы бойынша және үлкен көлемде инженер-энергетиктерге мұқтаж Екібастұз отын-энергетика кешенінің, қуатты жылу электр станциялары құрылысының, жоғары кернеуде электр таратудың бірегей желілерінің қарқынды дамуы болып табылады. Алматы энергетика институтының бірінші ректоры болып техника ғылымының докторы, профессор - Болотов Альберт Васильевич сайланды, ол осы институтты он жыл басқарды. Бұл жылдары институт Республиканың жетекші ЖОО-ларының бірі және КСРО-да энергетикалық ЖОО-ның үшіншісі болды (Мәскеу және Ивановск энергетикалық институттарынан кейін). 1994 ж. институт ректоры қызметіне техника ғылымдарының докторы, профессор Трофимов Герман Геннадьевич тағайындалды. 1989 ж. Алматы энергетика институты Қазақстанда бірінші рет КСРО Мембілім Мемлекеттік Инспекциясы комиссиясымен аттестатталды. Осылайша, АЭИ-де мамандар дайындаудың жоғары деңгейі Одақтық деңгейде ресми танылды. Бұл институттың жас басшылығы мен оқытушылар ұжымының үлкен жетістігі болды. 1996 ж. мамыр айында Қазақстан Үкіметі Қаулысымен жоғары оқу мекемелерінің көлемді қайта құруы жүргізілді: Республика облыстарында осы өңірдегі жоғары оқу орындарын біріктіру жолымен өңірлік университеттер құрылды. Алматы энергетика институты Қазақ ұлттық техникалық университетіне «Энергетика мен Телекоммуникацияның Оқу-ғылыми кешені» (ЭжТ ОҒК) құрылымдық бөлімше сапасында қосылды. 1997 жылдың мамыр айында «ЭжТ ОҒК» Алматы энергетика және байланыс институты болып қайта құрылды және коммерциялық емес акционерлік қоғамы статусына ие болды. Жаңа институттың ректоры болып Даукеев Ғұмарбек Жүсіпбекович сайланды. 2010 ж. 1 маусымында Алматы энергетика және байланыс институты магистранттар мен PhD-докторанттарын дайындау құқы мен университет статусын алды және оның жаңа атауы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (АЭжБУ) болды. 2010 ж. 1 маусымында Алматы энергетика және байланыс институты магистранттар мен PhD-докторанттарын дайындау құқы мен университет статусын алды және оның жаңа атауы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (АЭжБУ) болды.
Бүгінгі күндегі АЭжБУ жағдайы Бүгінгі күнде АЭжБУ - энергетика, ақпараттық технологиялар, автоматика, радиоэлектроника және телекоммуникация саласында тек Қазақстанда ғана емес барлық Орта Азия елдерінде мамандар даярлау бойынша жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі. АЭжБУ сапа менеджмент жүйесі жоғары кәсіптік білім кадрларын даярлау бойынша білім беруге қатысты ИСО 9001:2008 стандартына сәйкес деп танылды. «IQ Net» Халықаралық қауымдастығының әріптесі – «Рускиий регистр» сертификаты бойынша Қауымдастық сәйкестік сертификатын берді. Мұндай сертификат әлемнің 33 еліне жарамды болып табылады. Университет 2011 ж. кезекті мемлекеттік аттестаттаудан ойдағыдай өтті.
Университеттің құрылымы Университетті басқару құрылымы: оқу-әдістемелік бөлімі, қаржы-әкімшілік бөлімі, халықаралық байланыс бөлімі, ғылыми-зерттеу секторы, маркетинг және кәсіби бағдарлау орталығы, ақпаратты-техникалық қамтамасыз ету орталығы, алты факультет: «Электр энергетика факультеті», «Жылу энергетика факультеті», «Радиотехника және байланыс факультеті», «Ақпараттық технологиялар факультеті», «Сырттай оқу және мамандарды қайта дарлау факультеті», «Жоғары оқу орнына дейінгі даярлық факультеті», жиырма үш кафедра, алты тақырыптық ғылыми-зерттеу зертханалары және үш ғылыми-қолданбалы орталық. Университеттің материалды базасы: 3 оқу ғимараты, ғылыми зертхана ғимараты, 0,7 млн. бірліктен астам кітап қоры бар кітапхана, 411 орынды 8 оқу залы, оқу залымен арнайы жабдықталған электронды кітапхана, 1245 төсек-орынды 3 студенттер жатақханасы, 3 асхана мен 3 буфет, акт залы, би залы бар жастар орталығы, екі спорт залы, күрес залы, жаттығу залы және т.б. Мини-футболға, волейболға, баскетболға арналған ашық спорт және гимнастика алаңы бар. Оқу барысында 1000-нан астам компьютерлер пайдаланылады, оның ішінде 600-ге жуық компьютердің Интернетке қатынау мүмкіндігі бар.
«АЭжБУ» Ғылыми-зерттеу орталықтары: «Энергияны қайта жаңғырту көздері мен энергия үнемдеудің жаңа технологиялары», «Су технологиялары және су-химиялық режімдер», «Оқу жабдықтары». «АЭжБУ» тақырыптық ғылыми-зерттеу зертханалары: «Отын-энергетика кешені проблемаларын зерттеу», «Энергетикалық мониторинг және экспертиза», «Өнеркәсіптік экология», «Энергия», «Наноэлектроника», «ТП БАЖ», «Ақпараттық технологиялар» студенттік ғылыми-зерттеу зертханасы. Оқу жұмысындағы ынтымақтастық: 1997ж. 15 шілдеде АЭжБУ біріншілердің бірі болып Мәскеу энергетика институтымен бірегей білімдік кеңістікті сақтау мақсатында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Шартпен нақтысында барлық мамандықтар қамтылды. 2008 жылдың науырызында «МЭИ-мен екінші экономикалық білім алу шеңберінде сырттай оқыту бағдарламасын бірлесіп ұйымдастыру туралы» тағы бір шартқа қол қойылды. АЭжБУ студенттері бір уақытта қос диплом: АЭжБУ техникалық білім туралы дипломын және МЭИ экономисі дипломын ала алады. Қазіргі уақытта бірлескен осы бағдарлама бойынша 222 адам оқып жатыр. Бүгінгі күнде АЭжБУ: «Мәскеу энергетика институты» Ұлттық зерттеу университетімен; «Том политехника университеті» МБМ-мен; Новосібір мемлекеттік техникалық университетімен; Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания); С.И. Георгиевский ат. Крым мемлекеттік медициналық университетімен және т.б. алыс-жақын шет елдің жоғары оқу орындарымен, ұйымдарымен ынтымақтастық жасайды. 2009 ж. Алматы энергетика және байланыс университетінде мұқтаж студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетуді, университеттің материалды-техникалық базасын дамытуға жәрдемдесуді, кәсіпорындардың ғылыми-тезникалық мәселелерін шешуді, жас мамандарды жұмысқа орналастыруға көмектесуді нығайту мақсатында «Бітірушілер қауымдастығы» құрылды. Университет Республикадағы энергетика және телекоммуникация саласындағы кәсіпорындардың инженер-техника қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда елеулі рөл атқарады. Энергетик-мамандардың, автоматшылардың, байланысшылардың, электроншылардың біліктілігін арттыру бойынша 39 оқу бағдарламасы жасалды. Келесі ұйымдар мен кәсіпорындар өз қызметкерлерін «АЭжБУ»-де қайта даярлауға және біліктілікті көтеруге жіберіп отырады: «Атырауская ТЭЦ» АҚ,«Акмолинская РЭК» АҚ, «АқтөбеМунайгаз» АҚ, Атырау Мұнай және газ институты, «Атырау Жарык» АҚ, «АлматыЭнергосбыт» ЖШС, «Актобе ТЭЦ» АҚ, «Васильковский горно-обогатительный комбинат» АҚ, «Жамбылские электрические станции» АҚ, «Инфромэнерго» ЖШС, «Жайыктеплоэнерго» АҚ, «Западно-Казахстанская РЭК» АҚ, «Заремский ГОК» АҚ,«Жамбылская ГРЭС» АҚ, «Кооперативный университет «Самрук-Казына» ЧУ, «Казхром» АҚ, «КEGOC» АҚ, «НК КазТемирЖолы» АҚ, «Костанайская теплоэнергетическая компания» АҚ, «КокшетауЭнерго» АҚ, «Кызылординская РЭК» АҚ, «Казцинкэнерго» АҚ, «Мангистауская РЭК» АҚ, «МежрегионЭнергоТранзит» ЖШС, «Caspian Training Group», «Северо-Казахстанская РЭК» АҚ, «СазанКурак» ЖШС, «Соколовско-Сарбайское горно-обогатительное производственное объединение» АҚ, «Энергосистема» ЖШС, «3-Энергоорталык» АҚ,«Фирма «ФИЗТЕХ» ЖШС,«КАТЭК» АҚ, «Центр карьерного роста» ЖШС және т.б. Бүгінгі күнде университетте 5,5 мың студент, соның ішінде 4,5 мыңы күндізгі бөлімде, 12 бакалавриат және 6 магистратура мамандықтары бойынша оқиды. Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-эксперименталды, жобалық және сараптамалық жұмыстар, сонымен қатар кәсіпорындар және ұйымдар тапсырысы бойынша жыл сайын 200 млн. теңгеге қызметтер өткізіліп отырады
Университеттің материалдық базасы
28077,5 м2 – оқу корпустарының ауданы 978 м2 – ғылыми-зертханалар ауданы 19750 м2 – студенттердің 3 жатақханасының ауданы 1245 – жатақханалардағы төсек-орындар саны 12 м2 – 1 студентке бөлінген пайдалы оқу ауданы 196 – 3 асхана мен 3 буфеттегі отыратын орындар 320 мест - акт залы 700 м2 - дискозал, брейн-рингке арналған бөлмелері, КТК командалары, дебат клубы, көркемөнерпаздар үйірмесі әртістерінің фонограммалар жазбасы студиясы бар жастар орталығы 1432 м2 - екі спортзал, күрес залы, жаттығу залы және т.б. 4225 м2 - шағын-футбол, волейбол, баскетбол және гимнастика алаңына арналған ашық спорт алаңы
КІТАПХАНА 1686 м2- жалпы ауданы 8 оқу залы, соның ішінде 3 жатақхананың әрқайсысында 1 оқу залы, оларда 411 – отыратын орындар 0,7 млн. кітап сақтау бірлігі 2428 электрондық кітапханадағы оқу-әдістемелік, ғылыми-техникалық және кәсіптік құжаттар 300 мерзімдік басылымдар атауы (газеттер мен журналдар)
2010 Ж. КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 1041 – компьютерлердің жалпы саны 657 оқу мақсаттары үшін пайдаланылады 70 ғылыми мақсаттарда пайдаланылады 261 әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылады 716 - желіде 609 – Интернет желісінде ФАКУЛЬТЕТТЕР ЖЭФ – жылуэнергетика факультеті ЭЭФ – электрэнергетика факультеті РжБФ – радиотехника және байланыс факультеті АТФ – ақпараттық технологиялар факультеті СОжМҚДФ – сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультеті ИДДФ – институтқа дейінгі дайындық факультеті
АЭЖБУ-ДІҢ БІТІРТУШІ КАФЕДРАЛАРЫ. 1.«Өнекәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» 2. «Электр стансалары, желілері мен жүйелері» 3. «Электржетегі және өнеркәсіп қондырғыларын автоматтандыру» 4. «Жылуэнергетикалық қондырғылар» 5. «Өнеркәсіптік жылуэнергетика» 6. «Инженерлік кибернетика» 7. «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару» 8. «Автоматты электрбайланысы» 9. «Радиотехника» 10. «Телекоммуникациялық жүйелер» 11. «Электроника» 12. «Компьютерлік технологиялар» 13. «Ақпараттық жүйелер» 14. «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау» 15. Бритиш газ компаниясының қолдауымен Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания) бірлесіп құрылған «Би Джи ғылыми табиғатпайдалану методология-сы»
БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАСЫ 5В071700 – «Жылуэнергетика» төмендегі мамандандырулар бойынша: - жылуэлектр стансалары - су және отын технологиясы - жылутехнология энергетикасы - өнеркәсіптік жылуэнергетика - шағын кәсіпорындар мен ұйымдардың энергия жабдығы және энергия шаруашылығы 5В071800 – «Электрэнергетика» төмендегі мамандандырулар бойынша: - электр стансалары - электр жүйелері мен тораптары -релелік қорғаныс және электрэнергетика жүйелерін автоматтандыру - электрмен жабдықтау -дәстүрлі емес және жаңғыртылатын энергия көздері - электрмеханика - электроқшауламалы, кабельдік және конденсаторлық техника - электр технологиялық қондырғылар және жүйелер - электржетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру - жарық техникасы және жарық көздері 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару» төмендегі мамандандырулар бойынша: - басқару жүелерін автоматтандыру және ақпараттандыру - технологиялық процесстерді және өндірісті автоматтандыру