Ваньямвези, ньямвези — халық. Танганьиканың (Танзания) солт.-батысында, Виктория және Руква көлдерінің аралығында тұрады. Саны басқа туыстас халықтармен (сукума, сумбва, кононго және т.б.) қосқанда, 2,5 млн-дай (1987). Банту тілдерінің шығыс тобына жататын киньямвези (ньямвези) тілінде сөйлейді. Халықтың басым бөлігі ислам (сүннит), қалғаны христиан дінін ұстанады. 19 ғ-ға дейін В-лерде әлеум. құрылым әкелік туыстыққа негізделді. 19 ғ-дың ортасында В-лер күшті тайпалық бірлестік құрып, көсемдері Мирамбоның басшылығымен араб құл сатушыларымен, кейіннен Германия отаршыларымен күрес жүргізді. Бір кездері мәдени, саяси жағынан дамыған халық біраз уақыт ағылшындардың отары болды. Ваньямвезилер Шығыс Африкадағы халықтармен бірге ұлт-азаттық күреске қатысты. Негізгі кәсіптері — егіншілік (жүгері, күріш, батат және т.б. дақылдар). Біраз бөлігі кеніштерде істейді.“Қазақ Энциклопедиясы”, II-том Пайдаланылған әдебиет

санат:Әлем халықтары