Арминий Вамбери немесе Германн Вамбергер (маж: Vámbéry Ármin; нем: Hermann Wamberger; 13 наурыз 1832 жыл – 15 қыркүйек 1913 жыл) — мажар ғалым, түркітанушысы, этнограф, саяхатшы. Прага университеті жанындағы Шығыс тілдері мен әдебиетінің профессоры.Қазақтар. 7-том. 30-бет "Білік" баспа үйі, Алматы, 2003

20-дан астам Еуропа және шығыс тілдерін меңгерген. Вамбери 1863 ж. мұсылман қажы кейпінде Ираннан Орталық Азияға саяхат жасады. Бұл сапары туралы жазған еңбектерінде (“Орталық Азияға саяхат”, 1865; “Ежелгі заманнан бүгінге дейінгі Бұхара немесе Транссаксония тарихы”, 1873, т.б.) Вамбери 19 ғ-дың 60-жылдарындағы Орталық Азия халықтарының тұрмысы, мәдениеті, тарихы, экономикасы, сол өңірдің география жағдайы жөнінде құнды мәліметтер берген. Вамберидің шағатай, ұйғыр тілдері, түрік-татар және финн-угор лексикографиясы жайында жазған шығармаларының ғылыми құндылығы жоғары бағаланады.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер