Беллинсгаузен теңізі — Антарктида жағалауындағы Терстон және Антарктида түбектері аралығында, Тынық мұхитқа жалғас жатқан теңіз. Ол бір жағынан Элсуорт жері жағалауын шайып жатыр. Жағасы таулы және қайраңдық мұздықтармен көмкерілген. Антарктида түбегіне қарай Ронне шығанағын түзеді. Ірі аралдары — Петр І жері және Александар І жері. Тереңдігі 410 м-ден 4470 м-ге дейін. Суының температурасы солтүстігінде 00С-қа жуық, оңтүстігінде — 10С-тан төмен. Тұздылығы 33,5 — 34‰.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том Дереккөздер</span>
Санат:Беллинсгаузен теңізі Санат:Оңтүстік мұхит теңіздері