Physochlaina (қазақ тілінде: Үрмежеміс) Кавказда, Орта Азияда, Сібірде және Қытайда туған көпжылдық шөптердің он түрінің кішкентай тұқымы.

Physochlaina alaica Korotkova ex Kovalevsk Physochlaina albiflora Grubov Physochlaina capitata A.M. Lu Physochlaina infundibularis Kuang Physochlaina macrocalyx Pascher Physochlaina macrophylla Bonati Physochlaina orientalis (M.Bieb.) G.Don Physochlaina physaloides (L.) G.Don Physochlaina praealta (Decne.) Miers Physochlaina semenowii Regel Physochlaina тұқымы Hyoscyamus тұқымымен тығыз байланысты.

Қазақстанда ашық далалы жерлер мен төбелердің тастақты беткейлерінде, таулы аймақтарда, жартастардың жарығында, тау өзендерінің бойында өсетін 3 түрі: физалис тәрізді Үрмежеміс (Р. рhysaloіdes); Семенов Үрмежемісі (P. semenowіі) тығыз-кластерлі Үрмежеміс (P. capitata) бар. Бұлардың биіктігі 10 — 40 см, сабағы тік, ұшынан бұтақталған, ұшына жақындаған сайын бунақты қалың түкті. Өсімдіктің түп жағы түксіз. Жапырақтары ұзын сағақты, жүрек тәрізді (ұзындығы 1,5 — 8,5 см). Гүлдері күлгін түсті, қосжынысты, аталығы 5, аналығы — біреу. Саны бесеуден болатын күлте және тостағанша жапырақшалары бір-біріне кірігіп, қоңырау тәрізді келеді. Әсіресе өсімдік гүлдегенде, тостағаншаның көлемі үлкейіп, қампайып үрленген қалта сияқты болады, өсімдіктің аты тостағаншаның пішініне байланысты қойылған. Гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Сәуір — мамыр айларында гүлдеп, мамыр — тамызда жеміс салады. Жемісі — шар тәрізді қауашақ, ол піскенде, торлы жүйкелері бар, жұқа жарғақ тәрізді тостағаншасы жемісінің сыртын түгел жауып тұрады, соның нәтижесінде жемісі түспейді. Үрмежеміс — улы өсімдік, оны мал жемейді.

Химия Өсімдіктер құрамында улы тропан алкалоидтар бар: атропин, апоатропин, 6-гидроксиатропин, гиоцамин, скополамин, апоскополамин, кускогигрин, физохлаин т.б.

Суреттері

Санат:Алқалар