Бу-күш қондырғысы — бу қазаны (бу генераторы) мен бу қозғалтқышынан тұратын энергетикалық қондырғы. Бу қазанынан шыққан жоғары қысымды су буының кинетикалық энергиясы бу қозғалтқышында механикалық энергияға айналады. Бу қозғалтқыштары ретінде бу машиналары немесе бу турбиналары пайдаланылады. Қазақстанның ірі конденсаттық электр станцияларында қуаттары 200 МВт (Тараз), 300 МВт (Ақсу), 500 МВт (Екібастұз), айналу жиілігі 3000 айн./мин, қысымы 35 МПа, жұмыс температурасы 540ӘС болатын бу турбиналары жұмыс істейді. Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Бу-күш қондырғысы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.