Дунтинху — Қытайдағы Янцзы өзені алабындағы көл.

Шығыс Қытайдың Цзянхан жазығында орналасқан. Су деңгейінің маусымдық өзгеруі (10 — 15 м) салдарынан Дунтинхудың аумағы 4 — 5 мың км²-ден (қыста) 10 — 12 мың км²-ге дейін (жазда) өзгеріп отырады. Көлге Сянцзян, Юаньцзян, Лишуй, Цзышуй өзендері құяды. Янцзы өзеңімен бірнеше тармақ арқылы жалғасады. Жазда су тасығанда су Янцзыдан көлге қарай, қыста кері бағытта ағады. Көлде кеме қатынасы бар. Балық ауланады. Дунтинху алқабында күріш егіледі.

Санат:Хунань көлдері