Робин ван Перси (, МФА ; 6 тамыз 1983 жыл, Роттердам) — голландиялық футболшы, Нидерланд ұлттық құрамасының шабуыл шебінде ойнаған.

Мансабы Фейеноорд Робин ван Перси 1983 жылы тамылжыған тамыздың 6-шы жұлдызында Нидерландының Роттердам қаласында дүниеге келген. Кішкентайынан теңбіл допқа деген құмарлығы алабөтен болған ол, 14 жасында өзі туған Роттердам қаласының «Эксельсиор» командасының сапына қабылданады.

Кейінгі жылдары «Фейоноордқа» жас футболшыларды өндіріп беруші ұжымға айналған бұл командадан ван Персиден бөлек Саломон Калу, Мунир Эль Хамдауи, Ройстон Дренте сынды майталмандар әлем жанкүйерлеріне таныс ойыншылар шықты.

Көп ұзамай білікті бапкерлердің көзіне шалынған Робин «Фейеноордқа» ауысады. «Фейеноорд» сапында ең алғаш негізгі құрамға шыққанда ол 17 жаста болатын. 2001-2002 жылдары Голландия біріншілігінің «ең үздік» жас ойыншысы» деген ең алғашқы атағына қол жеткізді. Келесі маусым басында ван Перси өзінің ең бірінші 3,5 жылға арналған кәсіби келісіміне қол жеткізді FEYENOORD DRINK FROM CUP OF CHEER  — feyenoord.com, 2 маусым 2003. Тексерілген 11 September 2008.. Сол кездегі «Фейоноордтың» бас бапкері Берт ван Марвейкпен арадағы кикілжіңнің кесірінен Робин қосалқы құрамға ауыстырылған болатынTake care with Persie  — The Sun Sport, 29 сәуір 2004. Тексерілген 9 September 2008..

2003-2004 жылдағы маусымда «Фейоноорд» пен «Аякс» командаларының қосалқы құрамдары арасындағы кездесуде алаңға атып шыққан бұзақылардың басбұзарлығына тап болады. Дәл осы матчта «Арсеналдың» скауттарының бірі Роул Робиннің салқынқандылығын, келешегі мықты ойыншы екенін бірден бажайлап, оған қызығушылық таныта бастадйы. Содан кейін «канонирлер» Робиннің әрбір қадамын бақылап, оның бапкерлік құраммен салқын арақатынасына алаңдай бастайды. Дәл сол кеште Робин мен ПСВ өкілдерімен кездесу тағайындалып қойған-ды… Сондықтан «Арсенал» тез шешім қабылдау керек болып, Ван Перси бірден «канонирлер» сапына қосылды. Голландиялықтар Робинді небәрі 2,75 фунт стерлингке сатып жіберуінің басты себебі – Персидің мінезі болатын. Олар Робиннің мінезімен жарыққа шығуына еш мүмкіндігі жоқ деп санады. «Фейоноорд» қатарында 3 жылдан әрі тер төккен Робин ван Песри 78 кездесуге қатысып, 21 гол соғады. Арсенал thumb|left|Робин ван Перси Арсенал сапында, 2007 жыл Робин алғашқы матчын Англияның Суперкубогы аясында «Манчестер Юнайтедке» қарсы өткіздіBBC Sport, Arsenal 3-1 Man Utd, 8 тамыз 2004. Тексерілген 30 қараша 2007... 2005-2006 жылғы маусымда 8 кездесуге қатысып, 8 гол салған ол 2006 жылдың 4-қаңтарында «Арсеналмен» тағы да 5 жылдық келісім жасастыMan City 1-2 Arsenal, BBC Sport, 27 қазан 2004. Тексерілген 30 қараша 2007..

«Канонирлердің» жарық жұлдызы Тьерри Анридің «Барселонаға» ауысуына орай жанкүйерлер ван Персиді 2007-2008 маусымда «Арсеналдың» №1 сұрмергені болады деп үміттенген. Алайда, ол бұл маусымды түгелімен жарақатпен өткіздіVan Persie could be sidelined for a month , Arsenal.com, 20 қазан 2007. Тексерілген 30 қараша 2007. Есесіне келесі 2008-2009 жылдағы маусымда Робин 20 гол соғып және 13 нәтижелі пас шығарып беріп «канонирлердің» үздігі атанды.

2009 жылдың шілде айында ван Перси «Арсеналмен» жаңа келісімге келді де, канонирлердің «Манчестер Ситиге» ауысқан Эммануэль Адебайордың орынын басатын шабуыл өтіндегі басты үміті болып қалды. Жанкүйерлер сенімінен шығып жиі гол соға бастады және әріптестеріне ұтымды да нәтижелі пас шығарып берумен де айналысты. Бірақ, қырсық шалғыр жарақат Робинді жиі айналсоқтай берді. Әйтсе де, АПЛ-де 16 ойында 10 доп соққан ол әріптестеріне 8 нәтижелі пас шығарып берген.

2010-11 жылғы маусым басында жарақатынан толық айыққанмен, бабына жөнді келе алмай жүрді. Бұл маусымдағы алғашқы голын 2010 жылы 8-желтоқсанда «Партизан» қақпасында тулатты. 2011 жылдың қаңтар айында «Уиганға» хет-трик, «Вест Хэмге» дубль жасады. Осы жылы ЧЛ ойындарының бірінде Гаэль Клишидің тамаша пасымен «Барселона» қақпасына соққан керемет голы тарихта айрықша әріптермен жазылып қалды. Бірақ бірнеше күннен кейінгі (8-наурызда) «атолондықтармен» болған қарымта кездесудің 56 минутында ол алаңнан қуылды. Қапталдағы төреші оның ойыннан тыс қалғанын ескертіп ысқырық шалған. Алайда Робин реферидің берген белгісіне қарамай допты Вальдес қақпасына шірене тартқан еді. Алаңдағы бас қазы оған алаңның сыртын нұсқады. Ван Перси жанкүйерлердің айғай-шуынан ысқырықты естімей қалғанын желеу етіп жатты, алайда қазының шешімі өзгеріп көрген емес.

thumb|upright|Робин ван Перси 2011–12 маусымында Арсенал капитаны болды. 2011 жылдың 16-тамызына «Арсенал» капитаны «Барселонаға» ауысқан соң Робин «канонирлердің» капитандық белгісін білегіне қыстырды. Капитандық белгі оған оң нәтиже беріп, командасының нағыз көшбасшы ойыншысына айналды. Осы жылы 24-қыркүйекте «Болтонмен» болған кездесуде Робин ван Перси дубль орындап, «Арсенал» сапындағы 99-шы және 100-ші голына көрімдік сұрады. 29-қазанда «Стэмфорд Бриджде» өткен матчта «Арсенал» «ақсүйектерді» 5:3 есебімен жеңген еді, осы матчта ван Перси хет-трик авторы атанды. 16-қазанда «Сандерлендпен» болған кездесуде ойынның 29-секундында Робин гол соғып, «Арсеналдың» Премьер Лигадағы ең жылдам голының авторы атанды. 5-қарашада «Вест Бромвич» қапасына слққан голымен робин соңғы 12 жылдың ішінде 11 матчта 11 гол соққан ойыншы болып танылды АПЛ-де. 10-шы желтоқсанда клубтың 125 жылдық мерейтойына орай «Эвертонға» қарсы матчта 15 кездесудегі 15-голынсоқты. 2012 жылдың 12-ақпанында «Блэкберн Роверске» хет-трик жасады. Осы голдардың бірі «қаңғыбастар» қақпашысы Пол Робинсонның «Арсеналдан» жіберіп алған 60-шы добы болды. «Қызғалдақты елдің» аяқдопшылары арасында Премьер Лигада бір маусымда ең көп гол соққан ойыншы ретінде де рекорд жасады (30 гол). Бұған дейін бұл көрсеткіште 25 голмен Рудд ван Нистелрой тұрған болатын.

Англяның кәсіби футбол ассосациясы (PFA) ұйғарымы бойынша 2011-12 маусымда АПЛ-де ең үздік ойыншы болып танылды ван Перси. 1973 жылдан бастап беріліп келе жатқан бұл марапатты алған соң, «Арсенал» капитаны бұл жетістігіне масаттанбай: «Бұл жетістікке командадағы әріптестерімнің арқасында қол жеткіздім. Солардың ішінде 12 голды соғуыма тікелей жәрдемші болған жартылай қорғаушы Тьео Уолкоттың ойын өрнегін ерекше атап өткім келеді» – деп ағынан жарылды.

Манчестер Юнайтед thumb|Робин ван Перси Манчестер Юнайтед сапында Арсенал қақпасына пенальти ұруда, 2013 жыл. 2012 жылдың 15-тамызнда Робин ван Перси сэр Алекс Фергюсонның қоластына – «Манчестер Юнайтед» сапына қабылданды. Трансфер сомасы 22,5 млн.фунт стерлингті құрады. 17-тамызда «қызыл сойқандардың» заңды түрде ойыншысы аталды. 20-тамызда МЮ сапында алғаш рет «Эвертонға» қарсы матчта ойынның 68-минутында Лэнни Уэльбекті алмастырып шықты. Бірақ бұл ойында манчестерліктер «Эвертонға» есе жіберді. (1:0). 25-тамызда, 2-турда-ақ «қызыл сойқандар» сапында алғашқы голын «Фулхэм» қақпасында тулатты. 3-турда «Саутгемптонмен» болған ойында (2:3) «қызылдардың» жаңа оыншысы ван Перси хет-трик жасады! 5-турда «Ливерпуль» қақпасына пенальтиді дәл орындаған ол, 8-турда «Сток Ситидің» де қақпасынан саңылау тапты. 9-турда «ақсүйектермен» болған маңызды матчта да Чехтың осал тұсын таба біліп, командасына жеңіс сыйлауға сүбелі үлес қосты. (Есеп 2:3).

Фенербахче thumb|upright|Робин ван Перси Фенербахче сапында Шахтер Донецк клубына қарсы ойынға дайындалуда, 2015 жыл 2015 жылдың 14 шілдесінде Ван Перси Түркияның Фенербахче клубымен үш жылдық келісімшартқа қол қойды, ал клуб оның трансферлік құнын £3,84 миллион деп мәлімдеді. Оған 10-нөмірлі жейде берілді. Ол және оның бұрынғы Манчестер Юнайтед командаласы Нани алғаш рет екі аптадан кейін, маусымның Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Шахтер Донецк клубына қарсы өткен 0:0 есебімен аяқталған үй матчында дебют жасады, онда Ван Перси 68-минутта Мусса Соудың орнына шықты.

Оның Суперлигадағы дебюті 14 тамызда Эскишехирспорға қарсы 2:0 есебімен жеңіске жеткен матчта 60-минутта Фернандаоның орнына шыққан кезде болды. Алты күннен кейін, ол жаңа клубындағы алғашқы голын соқты: Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы матчында Атромитосқа қарсы ойында соңғы минуттарда алаңға шыққаннан кейін, матчтағы бар болғаны екі жанасуының бірімен баспен жалғыз голды енгізді.

23 тамызда, өзінің жаңа клубындағы алғашқы негізгі құрамдағы ойынында, Ван Перси Нанидің пасын пайдаланып, Ризеспорға қарсы 1:1 есебімен тең аяқталған матчтың алғашқы голын соқты.

Фейеноордқа оралу 2018 жылдың 19 қаңтарында Ван Перси Фенербахче клубымен келісімшартын бұзып, Фейеноордқа оралуға келісті. Ол 2018 жылдың 24 қаңтарында Утрехтке қарсы Нидерланд чемпионатындағы 1:1 есебімен тең аяқталған матчта Дилан Вентенің орнына шығып, клуб сапында алғашқы минуттарын өткізді.

Оралғаннан кейінгі алғашқы голын 2018 жылдың 8 ақпанында Гронингенге қарсы өткен ойында соғып, командасының 3:0 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты. 28 ақпанда Ван Перси өзінің кәсіби мансабындағы 300-ші голын Виллем II командасына қарсы 3:0 есебімен аяқталған ойында соғып, Фейеноордты 2017–18 KNVB Кубогының финалына шығарды. Кейінірек, 22 сәуірде финалда да гол соғып, Фейеноорд АЗ Алкмаар клубын 3:0 есебімен жеңіп, өз тарихындағы 13-ші кубокты иеленді.

Карим Әл Ахмади клубтан кеткеннен кейін, бас бапкер Джованни ван Бронкхорст Ван Персиді 2018–19 маусымы алдында Фейеноордтың капитаны етіп тағайындады. 2018 жылдың қазанында ол 2018–19 маусымының соңында кәсіби футболдан кететінін мәлімдеді.

2019 жылдың 27 қаңтарында, Аяксқа қарсы 6:2 есебімен жеңіске жеткен матчта дубль жасап, «Де Классикер» тарихындағы екі гол соққан ең егде жастағы ойыншы атанды.

2019 жылдың 12 мамырында Ван Перси кәсіби мансабындағы соңғы матчын өткізіп, АДО Ден Хаагқа қарсы 2:0 есебімен өткен ойында 93-минутта Вентенің орнына ауыстырылды.

Құрамадағы карьерасы 2008 жылы өткен Еуропа чемпионатында Нидерланд құрамасы «өлім тобындағы» қарсыластарының бәрін қоғадай жапырғаны жанкүйерлердің есінде болар. Марко ван Бастеннің сарбаздары сапында Робин де жасындай жарқылдап, 4 матчта 2 голды атына жаздырып қайтты.

2010 жылы ОАР-да өткен Әлем чемпионатында «қызғалдақты елдің» өкілдері финалға дейін жетті. Робин ұлттық құрама сапында бұл мундиалда 7 рет алаңға шығып 1 голдың авторы атанды да, әлем чемпионатының күмісін олжалап қайтқандардың қатарында болды.

Дереккөздер

Сiлтемелер

Ван Перси ресми сайты Профиль Arsenal.com сайтада Статистика voetbalstats.nl сайтада

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Фейеноорд ФК ойыншылары Санат:Фенербахче ФК ойыншылары