Руслан Тахирұлы Балтиев (16 қыркүйек 1978) — қазақстандық футболшысы. Қазақстан құрамасының экс-жартылай қорғаушысы.

Мансабы Клубтық Руслан 1996 жылы қаңтар айында "Қайрат" мини-футбол клубында ойнап, Қазақстан чемпионы атанды. Сол жылы көктемде футболдан "Қайнар" сапында кәсіби карьерасын бастады. Кейін Ресейдің "Сокол", "Динамо", "Шинник", "Мәскеу" клубтарында бірнеше жыл ойнап, 2007 жылы Қазақстанға оралдыhttp://www.sovsport.ru/news/text-item/252202. 2007 жылы жазда "Тобыл" клубымен бірге Интертото кубогын ұтып алды.

2009 жылы "Тобыл" сапында тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанатын мүмкіндіктен айрылды да, маусым соңында клубтан кетті. 2010 жылы Ресейдің "Жемчужина" клубына ауысты. 2011 жылдың басында ол клубтан кетіпhttp://www.newskaz.ru/sport/20110107/1032938.html, "Қайратпен" келісім-шарт жасасты. Бірақ жиі жарақат алды да, 2012 жылы 34 жасында карьерасын аяқтауға мәжбүр болды.

Ұлттық құрама Қазақстан құрама командасы сапында тұңғыш рет 1997 жылы қыркүйектің 2-сінде Қытайға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты. Сол жылы 20 қыркүйек күні Алматыда Өзбекстан құрамасы қақпасына тұңғыш голын соқты. Бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Бұл 1998 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің екінші кезеңі болатын.

Соңғы ойынын 2009 жылы 14 қазанда Хорватияға қарсы өткізді.

Ұлттық құрама сапында 73 ойын өткізіп 13 гол соққан.

Құрама сапында 1997–2010 жылдары 73 кездесуде алаңға шықты. Бұл Самат Смақовтан кейінгі екінші нәтиже.

Статистикасы

Клубтық 1996Қайнар13 (1)1997Қайрат15 (3)1998—1999ЦСКА-Қайрат45 (7)2000Аксесс-Голден Грейн15 (2)2001—2002Сокол (Саратов)54 (7)2003—2004Динамо (Мәскеу)29 (2)2004—2006Мәскеу30 (1)2005→  Шинник11 (1)2007—2009Тобыл (Қостанай)69 (16)2010—2011Жемчужина-Сочи20 (1)2011—2012Қайрат22 (2)

Жетістіктері

Командалық Мини-футболдан Қазақстан чемпионы 1996 Қазақстанның вице-чемпионы 2000, 2007, 2008 Қазақстанның қола жүлдегері 1997 Қазақстан кубогы 2007 Интертото кубогы 2007 Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан ұйғырлары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Қызылжар ФК ойыншылары Санат:ЦСКА Алматы ФК ойыншылары Санат:Алфавит бойынша футзалшылар Санат:Қазақстан мини-футболшылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары