Шашақ қанаттылар немесе Трипстер () — жәндіктердің бір отряды. Жер шарында кең тараған. 2 мыңнан астам түрі белгілі.
Денесінің ұзыңдағы 0,5 — 2 (сирек 14) мм. 2 жұп қысқа қанаты бар, олардың шетінде жіңішке қылшықтардан тұратын шашақтары орналасқан, қанаттары редукцияға ұшыраған немесе мүлдем болмайтын түрлері де жиі кездеседі. Аяқтарындағы тырнақтарының арасында торсылдақ тәрізді сорғыштары орналасқан. Ауыз аппараты — сорғыш.
Шашақ қанаттылар өсімдіктің гүлінде, жапырағында және жемісінде, мүктерде, ағаштың қабығында тіршілік етеді. Негізінен өсімдіктің шырынын сорып қоректенеді, араларында жыртқыш түрлері де кездеседі. Шала түрленіп дамиды. Жұмыртқаларын өсімдіктің ұлпасына, гүлдеріне, жапырақ қолтығына салып, 2 — 3 айдан кейін ересек жәндік шығады. Шашақ қанаттылардың ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдайтын (мыс., темекі трипсі, т.б.), өсімдік ауруларының қоздырғышын тарататын (бактериялар, вирустар) түрлері бар.Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.
Дереккөздер
Санат:Шашақ қанаттылар