thumb|right|200px|Хачатур Аветикович Абовян Хачатур Аветикович Абовян (15 қазан, 1809, Канакр с., Ереван маңы — 14 сәуір, 1848) — армян жазушысы.

Өмірбаяны Дәулетті семьяда туған. Эчмиадзиндегі және Тбилисидегі діни семинарияда оқыған (1824 — 26). Дерпт (қазіргі Тарту) университетін бітірген (1836).

Шығармалары “Армения жарасы” атты романында (1841) орыс-иран соғысы кезіндегі (1826 — 28) армян халқының ұлт-азаттық күресі суреттелген. “Американың ашылуы” “Хикаялар кітабы” “Қол бос кездегі ермек” (1864) деген мысалдар жинағы “Бәйіттер” (1864) т. б. шығармалар жазды. “Сүрлеу” атты оқу кітабы (1838) орыс және армян тілдері грамматикасы “Тигран тарихы немесе армян балаларына арналған адамгершілік жөніндегі өсиеттердің” авторы. Этнографиямен шұғылданды, армян, әзірбайжан, күрд фольклорын жинап, зерттеді. Гомердің, И.В.Гётенің, И.Ф.Шилпердің, Н.М.Карамзиннің, И.А.Крыловтың шығармаларын армян тіліне аударған. Абовянның өлеңдері қазақ тіліне аударылған (1948).Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:15 қазанда туғандар Санат:1809 жылы туғандар Санат:Ереванда туғандар Санат:14 сәуірде қайтыс болғандар Санат:1848 жылы қайтыс болғандар Санат:Армения жазушылары Санат:Армян жазушылары Санат:XIX ғасыр жазушылары Санат:Хабар-ошарсыз кеткендер Санат:Армения педагогтары Санат:Тарихи романдар авторлары Санат:Армения этнографтары Санат:Тарту университеті түлектері Санат:XIX ғасыр этнографтары