thumb|right|200px| Тит Квинкций Фламинин (Б. з. д. 226 жыл шамасы — Б. з. д. 174 жыл) — Римнің саяси қайраткері, қолбасшы. Әскери шешен (208), пропретор (205/204), консул (198), цензор (189).
2-Македон соғысында Рим әскерін басқарды және Киноскефал маңында болған шайқаста македондықтарды талқандап, олармен бітім шартын жасады. Бұл шарт бойынша македон патшасы Филипп V Грекиядағы барлық иеліктерінен бас тартуға тиіс болды. Фламиний грек қала-мемлекеттеріндегі ақсүйектерді қолдады, б.з.б. 195 ж. Спарта мен Аргоста тиран Набис басқарған әлеум. қозғалысты басты.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Дереккөздер
Санат:Б. з. д. 174 жылы қайтыс болғандар Санат:Ежелгі Рим цензорлары Санат:Рим консулдары Санат:Македон жауынгерлері Санат:Квинкцийлер