ХАЛЫҚТЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ — халықтың белгілі бір мекенде тұруының ұзақтығы бойынша құрылымының шартты атауы. Тұрақты халық (жергілікті жерде туып-өскендер) және басқа аудандардан (қалалардан, ауылдардан) көшіп келген кірме халық түрлеріне бөлінеді. Соңғылары бұрыннан тұратындарға және жаңадан қо-ныстанғандарға ажыратылады. Халық генетикалық құрылымы туралы мәліметтерді санақ материалдарынан және арнаулы зерттеу материалдарынан алуға болады. Халық генетикалық құрылымын білу жаңадан қоныстанушылардың сіңісіп кетуі қиын аудандарда көші-қон саясатын әзірлеу үшін ерекше маңызды.
Санат:Медицина Санат:Терминология