Шора (Александр) Бисемәліұлы Yмбетәлиев (16.6.1941, қазіргі Астрахан облысы Володар ауданы Тюрино ауылы — 8.1.2007, Алматы) — әнші (бас), Қазақ КСР-інің халық артісі (1984).
Өмірбаяны 1970 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) вокалдық ф-тін (профессор Н.Шәріпованың класы бойынша) бітірген. Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған. 1968 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жеке (соло) әншісі."Қазақ Энциклопедиясы", 9 том Негізгі партиялары: Сырттан (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, “Абай”), Бекежан мен Қожақ (Е.Г. Брусиловский, “Қыз Жібек” пен “Ер Тарғын”), Мазамхан (Қ.Қожамияров, “Садыр палуан”), Мылқау және Абылай хан (С.Мұхамеджанов, “Ақан сері — Ақтоқты” мен “Жұмбақ қыз”), Кеңгірбай (Ғ.Жұбанова, “Еңлік — Кебек”), Тайшық (Е.Рахмадиев, “Алпамыс”), Гремин (П.И. Чайковский, “Евгений Онегин”), Мельник (А.С. Даргомыжский, “Су перісі”), Пимен (М.П. Мусоргский, “Борис Годунов”), Кончак пен Галицкий (А.П.Бородин, “Князь Игорь”), Сперафучиле Мантероне, Рамфис және патша (Дж.Верди, “Риголетто” мен “Аида”), Лепорелло (В.А. Моцарт, “Дон Жуан”).
Yбетәлиев өзінің концерттік репертуарымен қазақтың халық әндерін (“Япурай”, “Бір бала”, “Қара торғай”, т.б.) насихаттауға да белсене ат салысты.
1983 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық етті.
Марапаттары Орта Азия мен Қазақстан әншілері байқауының лауреаты (1969).Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:16 маусымда туғандар Санат:1941 жылы туғандар Санат:Володар ауданында (Астрахан облысы) туғандар Санат:8 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:2007 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан әншілері Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры әртістері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары