thumb|Абд ул-Қадыр Дамаскіде Абд әл-Қадыр (Абд әл-Қадар (Кадир), Насыр-ад-дин ибн Мұхиддин әл-Хасани ; (06.09.1808– 25.05.1883, Дамаск) — Алжир халқының Франция отаршыларына қарсы күресінің (1832 — 1847) көсемі, қолбасшы, ғалым, ақын. Алжир халқы 1832 ж. АБД ул-ҚАДЫР-ды сұлтан, кейін әмір сайлады. 1832 — 1834 жылдардағы француздарға қарсы көтерілісте үлкен жеңістерге жетті. Франция 2 жылға бейбіт бітім жасауға мәжбүр болды. Алжирдің ішкі бөлігінде әмірлік құрылды. АБД ул-ҚАДЫР елде реформа жүргізіп, мектептер аштырды, сирек кітаптар мен қолжазбаларды жинатты, тұрақты армия құрды, бекіністер салдырып, қару-жарақ жасаттырды. 1835 ж. қайта жанданған соғыста француз әскерлері тағы жеңіліс тапты. 1837 ж. 30 мамырда әмір билігіне Алжир жерін түгел дерлік қайтаруға мәжбүр болған шартқа қол қойды. 1843 ж. француздар келісімді бұзып, Алжирге қайта шабуыл жасады. 1847 ж. олар Алжир жерін түгелдей басып алды. АБД ул-ҚАДЫР 1847–1852 жылдары Францияда тұтқында болды. Босағаннан кейін Дамаскіде тұрды. Дамаскіде 1860 жылы француз жансыздары ұйымдастырған христиандарға қарсы бүлікте АБД ул-ҚАДЫР жауласқан екі жақты арашалап, 1,5 мың христианның өмірін аман алып қалды. Бұл үшін оны Франция үкіметі Құрметті Легионның үлкен кресімен, Ресей Ақ Қыран орденімен марапаттады.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:1808 жылы туғандар Санат:1883 жылы қайтыс болғандар Санат:Алжир қолбасшылары Санат:Алжир ақындары Санат:Ұлт-азаттық қозғалыстардың көсемдері Санат:Алжир ғалымдары