Айя София (; ) немесе ресми түрде Айя-София Үлкен мешіті () — Ыстанбұлдағы мұражай ғимараты. Көне сәулет өнерінің үлгісі. Іргетасы император I Константиннің бұйрығы бойынша 325 жылы қаланған. Оны 10 мың жұмыскер 5 жылда салып бітірген. Содан бері түрлі жағдайларда талай рет қирап, талай рет қалпына келтірілген. Ғимарат 2020 жылы мешіт мәртебесіне қайтарылды.
нобай|солға|180px| Шығыс Рим императоры I Юстиниан 532-537 жылдар аралығында Рим империясының мемлекеттік шіркеуі үшін Константинопольдің христиан соборы ретінде салған шіркеу сол кездегі әлемдегі ең үлкен ішкі кеңістік болды және толығымен ілулі күмбезді алғашқылардың бірі болды. Бұл Византия сәулет өнерінің көрінісі болып саналадыФацио, Майкл; Моффетт, Мариан; Вудхаус, Лоуренс (2009). Уақыт өте келе ғимараттар (3-ші басылым.). Макгроу-Хиллдегі жоғары білім. ISBN 978-0-07-305304-2 және «сәулет тарихын өзгертті» делінгенСимонс, Марлиз (22 тамыз 1993 жыл). «Османлы билігінің орталығы». «Нью-Йорк таймс». 2009 жылғы 4 маусымда алынды. Ағылшын тілінде. Қазіргі Юстиниан ғимараты дәл осы жерде орналасқан үшінші шіркеу болды, алайда кезінде Ника көтерілісі (Византияда 532 жылы болған көтеріліс) тәртіпсіздіктер кезінде жойылды. Кейінгі Византия сәулетінен бастап, Айя София православие шіркеуінің парадигматикалық формасына айналды және оның сәулеттік стилі мың жылдан кейін Осман мешіттеріне еліктедіHeinle & Schlaich 1996. Ол «христиан әлемінде ерекше орынға ие» деп сипатталдыHeinle & Schlaich 1996.
Құрылысы нобай|солға|190px| нобай|солға|180px|
Қазіргі түрі негізінен 532-37 жылдары (император Юстинианның заманында) Анфимий және Исидор атты екі сәулетшінің қолынан шыққан үлгі-нұсқадағы қалпын сақтаған. Олардың ерекше зәулім етіп салған күмбезі 20 жыл өткен соң құлап қалып 563 жылы Родос аралы топырағынан жасалған жеңіл кірпіштен жаңа күмбез орнатылыпты.
Оның биіктігі – 55,6 м, диаметрі – 31,5 м. Күмбездіктің 40 терезесі бар. Негізгі күмбезге жанамалай жалғасқан жартылай күмбездер жүйесі ғимарат бейнесіне көкпен таласқан зәулімдік сипат береді. 1317 жылы император Андроник Палеолог ғимарат ұстындарын нығайту үшін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Айя Софья кезінде әлемнің ең үлкен ғибадатханасы болды.
Түріктерге дейін Византия империясының, кейін 500 жыл бойы (1935 жылға дейін) түріктердің діни орталығы қызметін атқарды. Ол 1453 жылы мешітке айналдырылған соң, ғимараттың ішкі көрінісі қайта көркемделді. 16-18 ғасырларда мешіт мұнаралары, қосымша құрылыстар салынды. 1935 жылы Ататүрік Айя Софияны мұражайға айналдырды.
Дереккөздер
Санат:Ыстанбұл Санат:Түркия ғимараттары мен құрылыстары Санат:Түркия мешіттері