Жентектас, гравелит — шөгінді тау жынысы; тығыздалып қатайған қиыршақ тас. Жентектас құрамындағы қиыршық тас ірілігі 2 — 10 мм. Жентектас қабаттары өткен геологиялық дәуірлерде Жер қыртысының тік бағытта қозғалыста болғандығын, көне жыныс қабаттарының мүжіліп жер беті суларымен жуылып-шайылғандығын, саяз сулы бассейнде шөккендігін көрсетеді. Жентектас құрылыс материалы ретінде пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясы,3 том Тағы қараңыз Женттас Дереккөздер
Санат:Шөгінді тау жыныстары Санат:Құрылыс материалдары