Прекурсор ( — бастамашы; жол салушы; негізін қалаушы) — белгілі мақсаттағы зат алу реакциясына қатысатын зат. Мысалы, биохимияда бұл сөз метаболикалы жолдың аралық мүшесіне қатысты қолданылады.

Атап айтқанда, прекурсорлар — Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімінде аталған есiрткi және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес бақылау жасалуға тиісті заттар.Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңы

Сондай-ақ, прекурсор — кез келген әдіс арқылы уытты химиялық заттардың кез келген өндіру сатысына қатысатын, ақырғы өнімнің уыттық қасиеттерін анықтауда маңызды рөл атқаратын және бинарлы немесе көп компонентті жүйедегі өзге химикаттармен жылдам әрекеттесетін химиялық реагент.

Терминнің қазіргі қолданысы 2007 жылдан бері термин есірткі, күшті әсер ететін немесе жарылғыш заттар өндірісіне байланысты заттарды белгілеу үшін қолданылады. Бұндай заттардың айналымына шектеу қойылғандықтан химиялық реактив саудасымен айналысатын көптеген фирмалар прекурсорлармен жұмыс жасаудан бас тартады.

Преурсорлардың шамаланған тізімі:

Антранил қышқылы N-ацетилантранил қышқылы Ацетон Бензилпиперазин Декстрометорфан, соның ішінде оның гидробромиді мен басқа да қосылыстары Изосафрол Калий перманганаты Күкірт қышқылы, тұздары тізімге кірмейді Лизергин қышқылы N-метилэфедрин 3,4-метилендиоксифенил-2-пропанон Метилэтилкетон (2-бутанон) Метил спирті (метанол) Натрий оксибутираты мен оксимайлы қышқылдың тұздары Норпсевдоэфедрин Пикрин қышқылы Пиперональ (гелиотропин, пирокатех альдегиді) Пиперидин Псевдоэфедрин Сафрол, қоспаларымен қоса оның құрамдастары Сынап, металдық, өлшегіш құрылғыларындағысы тізімге кірмейді Сірке қышқылының ангидриді Толуол Тұз қышқылы, тұздары тізімге кірмейді Фенилсірке қышқылы, тұздары Фенилпропаноламин (норэфедрин, соның ішінде құрамдас препараттары мен қоспалары, тұздары) 1-фенил-2-пропанон (метилбензилкетон, бензилметилкетон, фенилацетон) Фенфлурамин Фосфор, сарысы, қызылы Хлороформ (трихлорметан) Хлорэтил (хлорлы этил) Цианды калий, натрий, мыс және өзге де металдардың цианидтері Эргометрин (эргоновин) Эрготамин Этил эфирі (күкіртті эфир, диэтил эфирі) Эфедрин (соның ішінде құрамдас препараттары мен қоспалары)

Тағы қараңыз «Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі» Сыртқы сілтемелер

Санат:Есірткілер