Бақтияр Омарұлы Сыздықов (30.04.1958 жылы туған, Ташкент) - қазақ, генерал-майор (11.04.2004).

Білімі Коломен жоғары артиллериялық командалық училищесін (1980)бітірген. М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны (1991) бітірген. РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясын бітірген (2002). Өмірбаяны Коломен жоғары артиллериялық командалық училищесінің курсанты (1976-80). Германиядағы кеңес әскерлері тобының Hat қолбасшысының қарамағында мотоатқыштар дивизиясы артиллериялық барлауы және батарея басқармасы барлау взводының командирі, гвардиялық танк дивизиясы гвардиялық танк полкы артиллериялық батареясының командирі. Түркістан әскери округі әскерлері қолбасшысының қарамағында, мотодивизиясы мотополкі оку штабы бастығынын орынбасары (1980-87), батальон командиры. М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясының тыңдаушысы. Қазақ КСР-нің Жамбыл облыстық ДОСААФ комитеті төрағасының орынбасары - әскери-техникалық дайындау және спорт бөлімінің бастығы. ҚР ІӘ қолбасшысының басқармасы жедел полк командирінің орынбасары (1992-93), командир, айдауыл полкі командирі, бригада командирінің орынбасары - штаб бастығы (1987-97), бригада командирі, ҚР ІІМ ІӘ қолбасшысының бірінші орынбасары. РФ Бас штабы әскери академиясының тыцдаушысы (1997-2002). ҚР Қорғаныс министрлігінде (2002), Шығыс әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысы, ҚР ҚМ қарамағында (2007). ҚР ҚМ Әскери институтының бастығы (2007-10).

Марапаттары Медальдармен марапатталған.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:30 сәуірде туғандар Санат:1958 жылы туғандар Санат:Ташкентте туғандар Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Коломен жоғары артиллериялық командалық училищесі түлектері