Григорий Павлович Мясоедов (27.9.1901, Ақтөбе қаласы - 15.10.1943, Беларусь, Гомель облысы, Лоев ауданы) - 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, аға сержант, орыс.
Кеңес әскері қатарында 1919 жылы болған. 1925 жылы Ақтөбеде локомотив депосында жұмыс істеген. 1932 жылы Ақтөбе ауыл шаруашылық мектебін тәмамдап, соғысқа дейін Ақмола саяси оку үйінің бастығы қызметінде болған. 1941 жылдың маусымынан Орталық майдан 65-армия 193-атқыштар дивизиясы 895-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 14 қазанда Днепрден алғашқылардың қатарында өтіп, плацдармды басып алды. Жаумен болған ауыр шайқаста ержүрек 12 жауынгердің қатарында Мясоедов ерлікпен қаза тапты. Мясоедовқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.10.1943).
Ақтөбе қаласындағы орталық көшелердің біріне Мясоедовтың есімі берілген.
Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:27 қыркүйекте туғандар Санат:1901 жылы туғандар Санат:Новосергиев ауданында туғандар Санат:19 қазанда қайтыс болғандар Санат:1943 жылы қайтыс болғандар Санат:Лоев ауданында қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО аға лейтенанттары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Днепр үшін шайқасқа қатысушылар Санат:Лоев ауданында жерленгендер