Артикуляция (лат. artіculo — бөлу), музыкада — музыкалық аспапта немесе әуенді дауыспен орындағанда үн шығару әдісі. Артикуляцияның 3 түрі бар: үнді байланыстыра (legato), бөле (nоn legato), қысқарта (staccato) шығару.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Артикуляция сөз арқылы (legato, pіzzіcato, tenuto, portato) немесе өзіне тән жазба таңбалармен белгіленеді: лига, нүкте, сызықша, т.б. Сонымен қатар, артикуляция деп ән айту кезінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды айқындап айтуды да атайды.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Қазақ тілі Санат:Саясат