thumb|370px|12 апостол Леонардо да Винчи көркемсуреті «Жасырын кеште» Апостол (; apostolos — елші, уәкіл) — христиандықтың алғашқы кезеңдерінде бір қауымнан екінші қауымға жаяу жүріп жетіп, дін уағыздаған әулиелер. Олар осылайша христиан қауымының аумағын кеңейтті. Апостолдар бір-біріне және ұжымдарға әр түрлі діни сенім-наным мәселелері мен ішкі жұмыстар туралы үндеу хаттар жіберу арқылы өзара қарым-қатынас жасап тұрған. Інжілдің құрамына енетін бірсыпыра уағыздарға осы үндеухаттар негіз болған сияқты. Кейінірек Жаңа өсиеттің (Інжіл) түзілуіне байланысты шіркеу рәсімі А. атын Мәсіхтің — Иса Мәсіхтің 12 шәкіртіне ғана тән деп бекітті. Айса мен оның шәкірттері қызметі туралы қасиетті жазбаларда айтылатын бұл 12 әулие мыналар: Әндір, Барталмай, Жохан, Яһуда Исқариот, Матай, Петір, Шимон, Тадей, Філіп, Тома, Әлпейұлы Жақып пен Зейбедейұлы Жақып.
Ескертпелер
Дереккөздер
Санат:Христиан әулиелері