thumb|right|250px|"Сен жаны бар дене емессің, сен денесі бар жансың." Аңғару () — әлдене туралы зерделі болу күйі. Нақтырақ айтсақ, аңғару дегеніміз оқиғаларды тікелей білу және түйсіну, сезіну, ұғу қабілеті. Басқаша айтсақ, ол ақпараттар іс-әрекетті бағыттауға тіке қолданылған кездегі субъекттің ақпараттарға назар аудару күйі. Бұл ұғым зерденің синонимі ретінде, немесе зерденің негізгі қасиеті ретінде қолданылуы мүмкін, мысалы, зерде дегеніміз адам санасының әлденені аңғару күйі.

Санадағы әлденені аңғару күйі тәжірибеге байланысты болады, яғни аңғаруда бейнеленген құрылым тәжірибе құрылымын бейнелейді. Дегенмен аңғарудың ең маңызды және ерекше түрі Мендік аңғару болып, ол адамның өз кісілігі мен даралығы туралы зерделік тәжірибесі болып, сана философиясында қарастырылады.Google def: Self-awareness is the ability to focus on yourself and how your actions, thoughts, or emotions do or don't align with your internal standards. If you're highly self-aware, you can objectively evaluate yourself, manage your emotions, align your behavior with your values, and understand correctly how others perceive you.May 11, 2018

Адам өз ниетіне сай санасы мен іс-әрекеті үйлесімді болу үшін, түрлі ішкі-сыртқы феномендердің мәні мен себеп-салдар байланысын санада дұрыс бейнелеп қана қоймай, оларды бейнелегенін аңғарып, олардың мағынасын ұғуға тиіс. Аңғару процессі тек сезімдік түйсіну деңгейімен шектелмейді, ол пайымдау жүйесінде ұғынылып, ақыл арқылы түсінуге ұласады. Дереккөздер

Санат:Таным Санат:Зерде Санат:Психикалық процестер Санат:Эпистемология Санат:Философия