Кеңістік — философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі. Мысалы ғарышты жиі ғарыштық кеңістік деп атайды.

Математика

Математикада «кеңістік» сөзі көптеген күрделі ұғымдарды сиппатуда қолданылады. Дөрекілеп айтса, кеңістік әлдебір қосымша құрылымы бар жиын болып табылады. Осы қосымша құрылымға байланысты кеңістік элементі «нүкте», «вектор», «оқиға» т.б. атануы мүмкін. Кеңістік ішжиыны егер кеңістік құрылымы осы ішжиында дәл сондай құрылым шығарса ол «ішкеңістік» деп аталады (дәл анықтамасы кеңістік түріне байланысты).

Үлгілер

Аффиндық кеңістік Банах кеңістігі Ықтималдық кеңістік Гильберттік кеңістік Евклид кеңістігі Норма кеңістігі Сызықтық кеңістік (векторлық кеңістік ) Метрикалық кеңістік Топологиялық кеңістік

Физика

Физикада кеңістік деп біз субьективті түрде барлық физикалық оқиғалар мен нәрселер “ыдысы” деп түсінетін, солардың іс-әрекеттері орын алатын “алаңды” айтады. Физикада жиі көпөлшемді кеңістік – мысалы, күрделі жүйе қалпы бір нүкте арқылы сипатталатын фазалы кеңістік деген ұғым кездеседі. Осындай кеңістіктер — кәдімгі “біздің өмірлік” үшөлшемді кеңістікте есептерді тұжырымдап шығара алу үшін пайдаланатын жәй ғана абстракцииялар. Салыстырмалы теориясында кеңістік - кеңістік-уақыт бүтін жүйесінің бір көрінісі ғана, ал жеке кеңістік, не уақытқа бөлу берілген санақ жүйесіне байланысты. Физиканың көп салаларында физикалық кеңістік қасиеттерінің өзі (өлшемі, шексіздігі және т.б.) затты нәрселердің бар жоғына байланысты емес. Жалпы салыстырмалы теориясында затты денелер кеңістік қасиеттерін өзгертетін болып шықты, дәлірек айтса кеңістік-уақытты өзгертеді - оны «қисайтады». Мысалдар:

Фазалық кеңістік

Психология / Лингвистика

Семантикалық / Мағыналық кеңістік Кеңістіктің лингвистикалық формулалары

Фантастика

Фантастикеада (қиял-ғажайып әлемінде) толық сенімді тәржімелері болмайтын «параллель кеңістіктер», «гиперкеңістік», «субкеңістік» ұғымдары кездеседі.

Санат:Кеңістік

da:Rum de:Raum en:Space eo:Spaco es:Espacio fa:فضا fi:Avaruus fr:Espace (notion) gl:Espazo he:מרחב ia:Spatio io:Spaco it:Spazio ja:空間 ko:공간 nl:Ruimte pl:Przestrzeń pt:Espaço simple:Space sv:Rum zh:空间