thumb|right|190pxЕмен мүгі Емен мүгі (Evernіa prunastrі) – эверния туысына жататын ағаш қабығы бетінде өсетін қына. м-нің талломдары бұтақтанып келеді, сұрғылт және сарғыш жасыл немесе ақшыл сары түсті. Денесінің ұзындығы 5 – 30 см, жұмсақ, таспа тәрізді тарамданған қалақшалы. Көбінесе денесінде вегетативті көбею мүшесі соредиялары (ол бір не бірнеше балдыр клеткаларынан құралып, қына жіпшумағына оратылып жатады) немесе изидиялары (ол балдыр және саңырауқұлақ жіпшумағынан тұратын жай немесе тармақталған өскін) болады. Емен мүгінің құрамында хош иісті заттар болғандықтан фармацевтика және парфюмерия өнеркәсібінде пайдаланылады.

Қазақ энцклопедиясы Дереккөздер

Санат:Қыналар