Екітау – Қарағанды облысы Шет ауданындағы тау. Абсолюттік биіктігі 631 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан екі шоқыдан тұратын таудың ұзындығы 3,5 км, ені 2,0 км-ден астам.

Геологиялық құрылымы, жер бедері Төменгі палеозойдың тақтасы мен магмалық жыныстардан түзілген жер қыртысының кейбір жерлерінде түпкі тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Беткейлері көлбеу. Екітаудың солт-нде Қарабас (664 м) тауы орналасқан.

Өсімдігі Етегінде далаға тән жусан, бұйырғын, баялыш, т.б. шөптесіндер өскен. Тау етегі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары