Дуана – Дегелең тауының оңтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданы аумағында.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 727 м. Тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Солтүстік бөлігі тіктеу келген, солтүстік-шығыс бөлігі ұсақ шоқылар мен таулар арқылы Мыржық жотасына ұласады.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында жусан, боз, селеу, бұталар, астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Батысынан ағатын Қарасу, Ащысу өзендерінің бойы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы таулары