Гүлбұршақ (Chamaecytisus) – бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Еуропа, Батыс Азия, Солт.-Батыс Африкада кездесетін 30-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда далалық аймақтарда, құмды, құмдақты жерлерде, тасты беткейлерде өсетін 2 түрі (днепр Гүлбұршағы, орыс Гүлбұршағы) бар. Жапырақтары үшбөлікті, кейде тұтас болады. Гүлдері жапырақты бұтақтарының, жоғары жапырақ қолтығында орналасқан, сары түсті. Тостағаншасы түтікті, қосерінді, жоғарғы ерні 2 тісті, төменгісі 3 тісті. Аталығының саны 10, олар түтік тәрізді бірігіп кеткен. Аналық аузы қиғаш. Мамыр – маусымда гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – жалпақ, екі қақпақты бұршақ. Гүлбұршақтар балды, олар құрғақшылыққа шыдамды өсімдіктер, араларында улы түрі де кездеседі.
Санат:Бұршақтар тұқымдасы