Бөгембай көмір кен орны — Ақмола облысы, Астана қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 156 км, Ақсу алтын кен орнынан шығысқа қарай 27 км жерде. Кен орны 1935 жылы ашылды. 1936 жылы барлау-бағалау жұмыстары жүргізілді.

Жатыс сипаты Көмірі өте ауыр байытылады, күлділігі 28-45%-ды құрайды. 1937 жылы 8,3 мың т көмір, 1938 жылы 20 мың т көмір өндірілген. 1970 жылы көмір бағасының өзіндік құнының өсуіне байланысты кен орны жұмысын тоқтатты. 1984 жылы жұмысын жалғастырды. Кен орнынан барлығы 2,4 млн. т көмір өндірілді. Көмір қоры 18,4 млн. тоннаны құрайды. Оның 5,2 млн. тоннасы ашық әдіспен алынады. Бөгембай көмір кен орны Бөгембай ОЭС-нда электр энергиясын өндіруге және ауыл шаруашылығы қажеттілігіне пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ақмола облысы кен орындары Санат:Қазақстан көмір кен орындары