thumb|right|200px|Елена Леонидовна Бахмутова Елена Леонидовна Бахмутова (27 ақпан, 1962 жыл, РКФСР Ростов облысы Елизаветовка ауылы) - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау мен реттеу агенттігінің төрайымы.

Өмірбаяны Алматы халық шаруашылығы институтының экономикалық жоспарлау факультетін бітірген (1983), экономист. 1983 жылдан - «Алматы ауыл құрылыс-7» тресінің ОАКК аға инженері. 1984 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы ҒЗЭИ ЕжН экономисі. 1989 жылдан - ҚазКСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің аға экономисі. 1991 жылдан - «Елім-Ай» киношаруашылық бірлестігінің экономисі. 1992 жылдан - жетекші, бас экономист, бөлім бастығы, басқарма бастығы - әлеуметтік сала департаменті бастығының орынбасары; 1996 жылдан - директордың орынбасары; 1998 жылдан - ҚР Қаржы министрлігінің бюджеттік департаментінің директоры. 2001 жылдан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2002 жылдың тамызынан - ҚР Ұлттық банкі жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу департаментінің директоры. 2002 жылдың қыркүйегінен - ҚР Ұлттық банкі қаржылық бақылау департаментінің директоры. 2004 жылдан - ҚР Қаржы нарығын және қаржынық ұйымдарды реттеу және бақылау агенттігі төрағасының орынбасары. 2008 жылдың қаңтарынан бері - ҚР Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау агенттігінің төрағасы. Қосымша лауазымдары «МҰЗҚ» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2001-2002). 2012 жылдың қаңтарынан осы уақытқа дейін - "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 2013 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін - "БТА Банк" АҚ Директорлар Кеңесі төрағасы.

Марапаттары «Құрмет» (2006) ордені «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалімен марапатталған. Еңбек қатынастарын жетілдірудегі, халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудағы жемісті қызметі үшін ҚР Президентінің Алғысымен ескерілген (2001).

Үй жағдайы Тұрмыс құрған. Жұбайы - Бахмутов Евгений Васильевич. Ұлы - Андрей (1986 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:27 ақпанда туғандар Санат:1962 жылы туғандар Санат:Дондағы Ростовта туғандар Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері