Берта Исааковна Вейц (1899, Ресей, Гродно қаласы - 1986) - геология-минералогия ғылымдарының доктары (1964).
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың замандасы, әріптесі. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен институтын бітірген (1926). Текелі, Қаратау, Орталық Қазақстанда геологиялық барлау партияларын басқарып, темір, полиметалл, вольфрам, мыс, кобальт және тағы басқалары кентастық минералдарды зерттеу жұмыстарын атқарған. 1940 жылдан бастап Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтына ауысып, жарты ғасырға жуық үздіксіз еңбек еткен. Сәтбаевтың ұйғаруымен Орталық Қазақстандағы Атасу аудандық темір кен орындарының минералогиясын зерттеген (1940-56), кейін Жоңғар (Жетісу) Алатауы полиметалл кен орындарының кен-тастық минералогиясын анықтауға үлесін қосқан (1956-64). Сәтбаев Вейцтің минералогия саласындағы білгірлігін ескере келе, Жоңғар (Жетісу) Алатауының полиметалл кендері минералогиясына арналған монографиясы және тағы басқалары жұмыстары бойынша геология-минералогия ғылымдарының доктары атағын қорғамай беруге шешім қабылдаған. Қаныш Имантайұлы Вейцтің еңбекқорлығын, минералогияның жаңа әдістерін біліп-тануға ынтызарлығын, қажырлылығын, сонымен қатар ұяңдық, көзге түсуді ұнатпайтын қасиеттерін өзі берген мінездемелерінде ерекше атап өтетін.Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8
Дереккөздер
Санат:1899 жылы туғандар Санат:Гроднода туғандар Санат:1986 жылы қайтыс болғандар Санат:Геология-минералогия ғылымдарының докторлары Санат:Санкт-Петербург тау-кен институты түлектері Санат:Қазақстан геологтары