thumb|Көгілдір ақық Көгілдір ақық — фосфаттар класының минералы. Химия формуласы CuAl6[PO4]4Һ(OH)8Һ5H2O. Кристалдары тығыз масса, қабыршық, талшық түрінде кездеседі. Жеке кристалдары қысқа призма пішінді болады. Аспан түстес көгілдір немесе жасыл, жылтырлығы күңгірт, балауыз тәрізді. Қаттылық 5 — 6, морт сынады, сынған жері бұдыр келеді. Меншікті салмақ 2,6 — 2,8 г/см3. Бирюза алюминий оксиді мен фосфаттарға бай дала шпаты бар жыныстар үгінділеріне мысты су әсер еткенде түзіледі. Бирюза — асыл тас ретінде қолданылады. Басты кен орындары — Иранда (Нишапур), Тәжікстанда (Карамазор), Өзбекстанда (Қызылқұм) және Қазақстанда бар. Қазақ Энциклопедиясы

Оптикалық оңқай; 2u = 40°, Ng=1,65, Nm = 1,62, Np =1,61.

Сингониясы триклиндік; пинакоида пішіндес. Кристалдары майда, кәбінесе тұтас жұмыр формада кездеседі.

Жаратылысы. Бирюза үгілуден лимонитпен қатар пайда болады. Бирюзаның әдемі түрлері (асыл тастары) көркемдікке қолданылады. Нашар түрлері бояуға жұмсалады. Бирюзит кендері Иранда (Мадан кендері) бар.Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69

Дереккөздер

Санат:Фосфат минералдар Санат:Алюминий минералдары Санат:Мыс минералдары