Биесойған – Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданының батысындағы тұйық көл. Қостанай облысымен шекарада.

Гидрографикасы Аумағы 28,6 км2. Жағасы жайпақ. жер асты суымен толығады. Қар суымен көл деңгейі көктемде біраз көтеріледі. Қараша айының 1-онкүндігінде суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Суы тұщы, мал суаруға, шаруашылық қажетіне пайдаланылады.

Санат:Ғабит Мүсірепов ауданы көлдері