Бетайғақ - қылмыскерді қоғамға қарсы істермен айналысқандарды ұстаған адамға берілетін сүйінші. Бұрынғы билер кеңесінің тәртібі бойынша, бетайғақ жасаған адамға қылмыскердің іс-әрекетін айғақты заттармен, куәлермен дәлелдеп берген жағдайда малдың, мүліктің, ақшаның бестен бірі беріледі. Мұндай істер елдің билері мен ақсақалдардың қатысуымен шешіледі. Шешім сол сәтте орындалады. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология