Базаршы — базардан керек-жарағын алушы, яғни базарға сауда жасауға келген адам. Көшпелі тіршілік салтын ұстанған қазақтар әредік қалалар мен уақытша ашылатын базар, жәрмеңкелерге келіп, тұтынуға қажетті керек-жарағын сатып алып тұрған.
Мұны дәстүрлі ортада базарлай келу, ал базарлаушы адамды базаршы деп атаған. Базаршы сауда-саттық жасауды кәсіп етпейді, пайда табуды көздемейді. Өзінің және ауылдастарының өндірген шаруашылық өнімдерін керекті бұйымдарға айырбастап, қажетін өтейді. Қазақта базаршыдан базарлық алу салты бар. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология